
Балабақшаға қабылдау туралы хабарландыру!
Құрметті ата-аналар! МКҚК "Нұршуақ" бөбекжай 2026 жылдың шілде –тамыз айларында 1,6-2-3-4-5 жас аралығындағы ( 2021, 2022, 2023,2024,2025 жылы туған) балаларды қазақ тілінде оқытатын топтарға қабылдауға ваучер арқылы шақырады.Біз тәрбиеленушілерімізге жайлы жағдайларын, кәсіби қарау және күтім, сондай-ақ білім беру қызметтерін ұсынамыз.
Біздің балабақшада педагогикалық, медициналық және қызмет көрсететін қызметкерлер жақсы қалыптасқан.
Сіз жұмыста болған кезде балаңызды бізге сеніп тапсыра аласыз!
Балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әрбір ата-ана өз бетімен баланы кезекке қоя алады, кезек нөмірін көре алады, балабақшадағы бос орындарды бақылай алады, сондай-ақ баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама ала алады.
Ол үшін ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы akmola.kz сайтында ваучер арқылы жолдама ала аласыз.