18.05.2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиналыс туралы ақпарат
«Нұршуақ» бөбекжайы» МКҚК-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ата-аналардан заңсыз қаражат жинауға жол бермеу мақсатында мекеме ұжымымен түсіндіру жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары түсіндіріліп, білім беру ұйымдарында ата-аналардан (заңды өкілдерден) кез келген мақсатта ақшалай қаражат жинауға қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге тәрбиешілерге, педагогтарға сыйлықтар алу, жөндеу жұмыстарына, мерекелік іс-шараларға және басқа да қажеттіліктерге байланысты ата-аналардан қаражат талап етуге немесе жинауға жол берілмейтіні туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Нұршуақ» бөбекжайы» МКҚК ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаларын қатаң сақтай отырып, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады